dashboard
Serie
Социология
|
Әлемдегі миграциялық ағымдар әрбір елдің әлеуметтік, экономикалық және мәдени тұрғыда өзгеруі мен жалпы халықтың өмір сүру заңдылықтарын өзгерістерге ұшырауына алып келіп отырған процестер. Миграция процестері ерте заманнан бері жүріп келе жатқанына қарамастан, ХХ ғасырдағы өзгерістер туған елдерін тастап кетуге мәжбүр болған адамдардың ең үлкен ағынын тудырды. Миграция, мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуына және олардағы демографиялық процестеріне айтарлықтай әсер етеді, миграцияның ірі толқындары мен салдарынан ірі алпауыт Токио, Шанхай, Нью-Йорк секілді агломерациялар қалыптасты. Ірі қалалардың пайда болуы қауіпсіздік мәселелерін күшейтеді және күрделі гуманитарлық мәселелерді тудырады. Осыған орай, халықаралық қауымдастық, жеке мемлекеттер миграция процесстреіне көбірек назар аудара бастады. Сонымен қатар босқындар, ел ішінде қоныс аударғандар, табиғи немесе экологиялық апат салдарынан қоныс аударған адамдар және т.б. саны артуда. Бұл санаттағы адамдар көмек пен қорғауды қажет етеді. Мигранттар қатарын тек ғана білімі жоғары, дарынды адамдардан ғана тұрмайды, онда халықтың «әлеуметтік қауіп-қатерлі» және «әлеуметтік осал» топтарда құрастырады. Сондықтан, әлеуметтік саясатта мигранттардың әлеуметтік-мәдени, әл-ауқаты мен материалдық жағдайлары маңызды әрбір қоғам үшін маңызды орынды алып отыр.
Бұл оқулық Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, әлеуметтану кафедрасы қолға алған мигранттармен әлеуметтік жұмыс бойынша мемлекеттік тілдегі бірінші оқу құралы. Оқу құралында авторлар ғылыми әдебиеттерге сілтеме жасай отырып, миграцияға қатысты теорияларды, мигранттармен әлеуметтік жұмыстың әдістері мен технологияларын, оның ішінде әлеуметтік жұмыстың практикалық және ұйымдастырушылық әдістерін қарастырады. Көші-қонның жалпы проблемаларына және мигранттармен әлеуметтік жұмыстың қалыптасу процесіне назар аударылды. Оқу құралы «Әлеуметтік жұмыс» бойынша білім беру бағдарламасының білім алушыларына, әлеуметтік қызметкерлерді даярлауды жүргізетін оқу орындарының оқытушылары мен қызметкерлеріне және әлеуметтік жұмыс мәселелерін зерттейтін мамандарға пайдалы болады.
Título : Мигранттармен әлеуметтік жұмыс
EAN : 9798223778912
Editorial : Baigabylov
El libro electrónico Мигранттармен әлеуметтік жұмыс está en formato ePub
¿Quieres leer en un eReader de otra marca? Sigue nuestra guía.
Puede que no esté disponible para la venta en tu país, sino sólo para la venta desde una cuenta en Francia.
Si la redirección no se produce automáticamente, haz clic en este enlace.
Conectarme
Mi cuenta