Дәстүрлі қытай медицинасының акупунктурасы – Қытай халқының асыл мәдени мұрасы және аса кең ауқымды тамаша дәстүрлі мәдениетінің баға жетпес қазынасы. Ол түрлі науқастарды емдеуде, аурудың алдын алуда және дене шынықтыруда маңызды рөл атқарады. Мыңдаған жылдар бойы дәстүрлі қытай медицинасындағы акупунктура қытай ұлтының денсалығын күшейтуіне үлкен үлес қосып келді, сонымен қатар әлемдік медицинаның дамуына оң ықпал етті және ауқымды әсер етті. Бір халықтың қажеттіліктері мен ұлттық сезімі сол халықтың жаңару үдерісіне бет бұруына жол көрсетеді. Бұл үдеріске дәстүрлі қытай медицинасы атсалысуға міндетті әрі мүдделі, сонымен қатар елімдің академиялық қауымдастығы да дәстүрлі қытай медицинасы акупунктурасының инновациялық дамуы үшін қолайлы шарт-жағдайлар жасап оны әртүрлі тұрғыдан зерттеп отыр.
ХХ ғасыр – омикалық зерттеулер дәуірі. Заман ерекшеліктерін танытатын мұндай зерттеулер табиғи түрде өміртану ғылымының маңызды бөлігіне айналды. «Акупунктура омикасы» концепциясы еліміздің дәстүрлі қытай медицинасын зерттеуге деген өзекті қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатынан туындап отыр. Ол акупунктура механизмін ғылыми тұрғыдан түсіндіруге ғана емес, сондай-ақ нүктелердің өздерін, сонай-ақ сол нүктелердің өзара әрекеттену заңдылығын табу, олардың ғылыми коннотациясын ашу, клиникалық тәжірибені басшылыққа алу және акупунктураның клиникалық тиімділігін жан-жақты жақсарту үшін пайдалы мәнге ие.
Қытай акупунктураның бес мың жылдық тарихы бар. Бұл кітап көптеген жылдар бойы акупунктура омикасын зерттеу саласында еңбек етіп жүрген мамандардың қажырлы еңбегі мен мол тәжірибесінің жинағы.
Título : Заманауи Акупунктура
EAN : 9786017967284
Editorial : Kazakh Encyclopedia Press
El libro electrónico Заманауи Акупунктура está en formato ePub
¿Quieres leer en un eReader de otra marca? Sigue nuestra guía.
Puede que no esté disponible para la venta en tu país, sino sólo para la venta desde una cuenta en Francia.
Si la redirección no se produce automáticamente, haz clic en este enlace.
Conectarme
Mi cuenta